▪️Арал аудандық сотында азамат А.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
▪️Іс құжаттарына сәйкес, А. жұмыс орнында жәбірленуші Б.-ға қызмет барысында былапыт сөздер айтып, құрметпен қарамауды білдіретін, қоғамдық тәртіпті бұзған әрекеттерді жасаған.
▪️Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті өзінің кінәсін мойындап берген түсініктемесімен, жәбірленуші мен куәлардың түсініктемелерімен, ісқұжаттарымен бекітіледі.
▪️Сот қаулысымен А. аталған бап бойынша кінәлі деп танылып, оған 86 500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Арал аудандық соты