Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азаматша Р.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды.
Азаматша Р.-ның тәрбиесіндегі кәмелетке толмаған ұлы дүкен алдында ортақ пайдалану орындарда бола тұра, қолындағы темекі қалдығын тастап, қоршаған ортаны ластағаны анықталды.
Сот отырысында азаматша Р. сотқа берген түсінігінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісетінін айтып, мұндай жағдай енді қайталанбайтынын .
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен азаматша Р. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 60550 теңге айыппұл салынды.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты