Қызылорда облысы соттарының 2026 жылдың І жартыжылдығындағы жұмыс қорытындылары бойынша кеңейтілген кеңес өтті.
Оған Қазақстан Республика Жоғарғы Сотының судьясы Е.Маукен, Қызылорда облыстық сотының төрағасы Ә.Шығамбаев, алқа төрағалары, облыстық сот судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары қатысты.
Кеңейтілген кеңесті облыстық соттың төрағасы Ә.Шығамбаев ашып, қатысушыларды облыс соттарының 2026 жылдың І жартыжылдығындағы жұмыстарының қорытындыларымен таныстырды.
Жиын барысында қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Қ.Абдуллаевтың, азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Жақсылықтың, әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Ш.Маликованың есептері тыңдалды.
Баяндамаларда бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың сот төрелігін жүзеге асыруы бойынша негізгі деректер атап өтілді.
Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы М.Асанова сот қызметін ұйымдастыру бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы баяндама жасады. Сонымен бірге, ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысы Ғ.Тұрғанбайдың есебі тыңдалды.
Кеңес барысында Қазақстан Республика Жоғарғы Сотының судьясы Е.Маукен баяндама жасап, сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыру және сот қызметін жетілдіру бағыттары бойынша баяндама жасап, бірқатар мәселелерге тоқталды.
Жиын қорытындысында облыстық сот төрағасы Ә.Шығамбаев сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсарту мәселелеріне тоқталып, алдағы атқарылатын жұмыстар мен жоспарларды атап өтті.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі7109:35