Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 2-бөлігі бойынша азамат Н.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, азамат Н. өзіне бұрын әкімшілік жаза қолданылғанына қарамастан, бір жыл ішінде құқық бұзушылықты қайта жасап, ағасына былапыт сөздер айтып, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында сыйламаушылық білдіретін әрекеттерге жол берген.
Сот отырысында азамат Н. өз кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкініш білдірді.
Азамат Н.-ның кінәсі өзінің түсініктемесімен, жәбірленушінің арызы мен түсініктемесімен және іс құжаттармен бекітілген.
Сот қаулысымен азамат Н. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 40 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.
Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты