Қызылорда облысы әкімі Мұрат Ергешбаевтың қаты­суымен «Әке тәрбиесі – ұлттың рухани діңгегі» атты облыстық әкелер форумы өтті. Оған «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бір­лес­тігі төрағасының орын­басары Бекдайыр Күзем­бай, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, аудандардан келген, түрлі салада табысқа жетіп, кәсібі мен еңбегі арқылы елге үлгі болып жүрген азаматтар қатысты.

Форумда сөйлеген облыс әкімі М.Ергешбаев: 

– Биыл әкелер фору­мы төртінші мәрте ұйымдас­тырылуда. Бұл – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ер азаматтың отбасы мен қоғам­дағы мәртебесін арттыруға бағытталған маңызды алаң.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Әке жауап­кершілігі – отбасының берік­­тігі мен ұрпақ тәрбиесінің негізі. Біздің қоғамда әке­нің рөлін арттыру, оның отбасын­дағы беделін нығайту – өте маңызды міндет» деген болатын.

Ұлттың сапасы, болашақ ұрпақтың азаматтық болмысы әкенің берген тәрбиесіне тікелей байланысты. Жаңа Консти­туциямызда «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады» деп нақты көрсетілген. Бұл отбасы құндылықтары мем­лекеттік саясаттың негізгі өзегіне айналғанын айқын дәлелдейді. Әке – тек отбасын асыраушы емес, баланы жауап­кершілікке, еңбек­қорлыққа және Отанға деген сүйіспеншілікке баулитын алғашқы мектеп.

Баланың болашағына әсер ететін ең қуатты күш – отбасындағы тәрбие, әкенің өнегесі. Сондықтан, «Адал адам», «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» секілді мемлекеттік бастамаларды қоғамда орнықтыру ең алдымен отбасынан бас­талуы тиіс. Баршаңызды ел мүд­десіне адал қызмет етуге және ұрпақ тәрбиесіне зор жауапкершілікпен қарауға шақыра­мын», – деді.

Іс-шарада отбасы құнды­лықтарын насихаттап, өскелең ұрпақ тәрбие­сіне елеулі үлес қосып жүрген әкелер облыс әкімінің Алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. «Әкелер одағы» республикалық қоғам­дық бірлестігі төраға­сының орынбасары Бекдайыр Нығметұлы, ішкі істер орган­дарының ардагері Әмір­бек Бердібекұлы, жас ақын, республикалық Ғани Мұратбаев атындағы жастар сыйлығының иегері Ақжол Ғабитұлы, өнегелі әке Дәулет Амангелдіұлы тақырып аясын­да мазмұнды баяндама жасады. «Қазақстан дауысы – 2023» жобасының финалисі Нұрислам Тілеухан әсем ән орындап, оған қоғамдық бірлестік атынан смарт-теледидар сыйға берілді.

Форумда «Қызылорда» супер­маркетінің жұмысшысы Камалов Жандос Құдай­бергенұлына үш бөл­мелі пәтердің кілті табысталды. Жандос Құдай­бергенұлы – мүмкіндігі шектеулі жұбайына және екі баласына қамқор болып отырған ардақты әке.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған