Қызылорда облыстық сотында өткізілген жалпы отырыста облыстық сот төрағасы Ә.Шығамбаев Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 09 маусымдағы №1312 Жарлығын сот ұжымына таныстырды.
▪️Аталған Жарлықпен Қызылорда облыстық сотының судьялары болып Шәмшиев Рысдәулет Бекманұлы, Тоғызбаева Меруерт Қожабекқызы, Ахметова Эльмира Төреханқызы тағайындалды.
▪️Қызылорда қаласының №2 сотының төрағасы болып Тұңғышбаев Исағали Өмірзақұлы, Жалағаш аудандық сотының төрағасы болып Абдукаликов Олжас Исаұлы тағайындалды.
▪️Сонымен қатар, Сержанов Санат Баймырзаұлы Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы лауазымына жаңадан тағайындалды.
▪️Таныстыру рәсімінен кейін жаңадан тағайындалған судья С.Сержанов ҚР Судьяларының антын қабылдады.
▪️Облыстық соттың төрағасы судьялардың жаңа жұмысына сәттілік тіледі.
▪️Қысқаша мәлімет:
▪️Шәмшиев Рысдәулет Бекманұлы – сот жүйесінде 2003 жылдан бастап еңбек етіп келеді, 2009-2013 жылдары Қызылорда қалалық сотының судьясы, 2013-2020 жылдары Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы, 2020 жылдан бастап осы күнге дейін Қызылорда облысы Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы қызметін атқарған.
▪️Тоғызбаева Меруерт Қожабекқызы – сот жүйесінде 2002 жылдан бастап еңбек етіп келеді, 2014-2023 жылдары Қызылорда қалалық сотының судьясы, 2023 жылдан бастап осы күнге дейін Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы қызметін атқарған.
▪️Ахметова Эльмира Төреханқызы – сот жүйесінде 2003 жылдан бастап еңбек етіп келеді, 2014 жылдан бастап осы күнге дейін Қызылорда қалалық сотының судьясы қызметін атқарған.
▪️Тұңғышбаев Исағали Өмірзақұлы – сот жүйесінде 2001 жылдан бастап еңбек етіп келеді, 2017-2022 жылдары Жаңақорған аудандық сотының судьясы, 2022 жылдан бастап осы күнге дейін Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы қызметін атқарған.
▪️Абдукаликов Олжас Исаұлы – сот жүйесінде 2009 жылдан бастап еңбек етіп келеді, 2015-2025 Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы, 2025жылдан бастап осы күнге дейін Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметін атқарған.
▪️Сержанов Санат Баймырзаұлы – сот жүйесінде 2016 жылдан бастап еңбек етіп келеді, 2016-2021жылдары Қазалы аудандық соты кеңсесінің жетекші маманы, 2021-2023 жылдары Қазалы аудандық соты әкімшісінің бас маман-сот отырысының хатшысы, 2023-2026 жылдары Шиелі аудандық соты әкімшісінің басшысы қызметтерін атқарған.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі