Облыс әкімдігінің хабарлауынша, киножобаның алғашқы кадрлары Маңғыстаудың бірегей табиғи ландшафттарында түсірілген.
Негізгі түсірілім орындарының бірі — өзінің «Марсқа ұқсас» көріністерімен танымал Бозжыра шатқалы.
Бұған дейін Джеки Чан Алматыда байқалған болатын. Кейін актер бұл сапарында түсірілім орындарын таңдауға байланысты барлау жұмыстарын жүргізгенін айтқан.
«Құдай сауыттары: Соңғы шешім» («Доспехи Бога: Ультиматум») фильмінің режиссері қазақстандық Роберт Кун болады.