26 мамыр күні Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын және «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауларын ұйымдастыру жөніндегі басқарушы директоры Исаева Мерей Сеилбекқызы арнайы іссапармен келіп, семинар өткізді.

Палата директорының орынбасары Рахымбек Зейнуллин модераторлық еткен шараға 60-қа жуық жергілікті кәсіпкер қатысты (сонымен қатар ЗУМ байланысы арқылы)

Алғашқы сөзді Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес төрағасы Ерлан Раимов сөйлеп, барша қатысушыға сәттілік тіледі.

Мерей Исаева өз ретінде арнайы даярлап келген презентациясы арқылы елімізде жыл сайын өтетін «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқауды және «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауын өткізу тәртібі мен оған қатысу жолдары бойынша толыққанды ақпарат берді.

Спикер байқауларды өткізу тәртібі мен қағидаларын түсіндірумен қатар Атамекен палатасының «Ұлы дала елі» мен «Іскер» сияқты сапа саласындағы республикалық конкурстары және «Парыз» әлеуметтік конкурсы жөнінде қосымша айтып, өңірдің барша кәсіпкерлік субъектісін байқауларға қатысуға шақырды.

Сонымен қатар, шараға қатысушылар арасында байқаулардың өткен жылдардағы жеңімпаз компанияларының өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғыіп, ұйымдастырушыларға алғысынлдірді.

Шара барысында кәсіпкерлер Мерей Сеилбекқызына өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алса, семинар қорытындысымен барша қатысушыларға сертификат табысталды.

Айта кетейік, биыл Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» байқауының 20 жылдық мерейтойы

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған