Бүгін Қызылорда облысы соттарының Судья әдебі жөніндегі комиссиясының ұйымдастыруымен «Судья әдебі кодексінің сот төрелігін жүзеге асырудағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге облыстық соттың судьялары, аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары қатысты, аудандық соттардың төрағалары мен судьялары бейнебайланыс жүйесі арқылы қатысты.
Судья әдебі жөніндегі комиссияның төрағасы М.Тоғызбаева ашып, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып, өз сөзінде судья әдебі нормаларын сақтау мен сот төрелігін жүзеге асырудағы әдептің маңызына ерекше тоқталды.
Дөңгелек үстел барысында Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы А.Сәрсенбаев, Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы А.Аблаева баяндама жасап, судьялардың әдеп нормаларын сақтау мәселелерімен бөлісті.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі