Жаңақорған ауданында тозығы жеткен электр жүйелерін жаңғырту және тұрғындарды сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен 2022 жылдан бері жалпы құны 9,6 млрд. теңгені құрайтын 22 жоба кезең-кезеңімен іске асырылуда.

2022–2025 жылдары Жаңақорған, Қандөз, Жаңарық, Сүттіқұдық, Бірлік, Еңбек, Келінтөбе, Қожакент, Ақсуат және Екпінді елді мекендерінде жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, толық аяқталды.

Қазіргі уақытта жалпы құны 1,1 млрд теңгені құрайтын Манап, Сунақата, Құттықожа және Әбдіғаппар елді мекендеріндегі 4 жоба 2026 жылға өтпелі кезеңмен іске асырылуда. Сонымен қатар, 2,2 млрд теңгеге Жаңақорған кентіндегі «Саяжай-1» мөлтек ауданына электр желісі тартылуда.

Аудан әкімі Мажит Самитов, аудандық мәслихат төрағасы Жарқынбек Ғалымжан, қоғамдық кеңес төрағасы Даулет Қалыбаев Кейден ауылдық округіне қарасты осы Аққұм елді мекенінде электр желілерін жаңғырту жобасының құрылыс жұмыстарымен танысты.

Аталған жоба – тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі. Ұзақ жылдар бойы тозығы жеткен электр жүйесі толық жаңартылып, заманауи талаптарға сай қызмет көрсететін болады.

Жоба 2024 жылы демеушілердің қолдауымен әзірленіп, 2026 жылы облыстық бюджет есебінен қаржыландырылды.

Жоба аясында 3 жаңа қосалқы станция орнатылып, 69 шақырым электр желісі жүргізіледі.

Жоба толық іске асқаннан кейін Аққұм және Қауық елді мекендері сапалы, тұрақты әрі сенімді электр энергиясымен қамтамасыз етіледі. Бұл тұрғындардың күнделікті тұрмыс-тіршілігін едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған