Қызылорда облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаментімен мемлекеттік кәсіпорындардың акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес тұлғалардың қызмет түрлеріне мониторинг жасады. Мони­торинг барысында қаладағы бірнеше мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелердің қызметінде бұзушылықтар бар екендігі анықталды.

Мониторинг нәтижелері бойынша Қызыл­орда облысының экономика және қаржы басқар­масымен бекітілген «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойын­ша білім бөліміне қарасты  бес мектепке дейін­гі мекемесінің, атап айтқанда «Жұлдыз», «Сыр шуағы», «Алтын ұя», «31 Алтын кілт» және «Алпамыстың» өз қызмет түрлерін заңсыз кеңейткені анықталды.

Заңнамалық талаптарға сәйкес мемлекеттік кәсіпорындар мен олардың еншілес ұйымдары өз қызметіне өзгерістер мен толықтыруларды ендіргенде монополияға қарсы органмен келісуі тиіс. Дегенмен, бұл ұйымдар қажетті келісімді алмай, жарғыларына түзетулер енгізген. Нақтырақ айтқанда, олардың қызмет түрлерінің тізіміне балалардың интеллектуалдық және жеке дамуы, мектепке дейінгі дайындық (5-6 жастағы балалар үшін), үйде бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға консультативтік және әдістемелік көмек, сондай-ақ балалар денсаулығын нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау қызмет­тері ендірілген. Бұл әрекеттер Қазақстан Респуб­ликасы Кәсіпкерлік кодексінің 192-бабын бұзады және жеке сектормен әділетсіз бәсекелестік қаупін тудырады.

Осыған байланысты Департамент Қазақстан Республикасының  Кәсіп­керлік кодексінің 226-ба­бының 3-тармағына және 192-бабының 8-тарма­ғына сәйкес Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау  саласындағы заңнама­сы­ның бұзушылықтарын тоқтату туралы нұсқама жолдады.

 Басқарма белгіленген мерзімде нұсқаманы толық көлемде орындады. Қазіргі таңда Депар­тамент өңірдегі әділ бәсекелестікті қамта­масыз ету үшін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін жүйелі түрде бақылауды жалғастыруда.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған