Қызылордада өңірлік коалиция өкілдері «Абзал и К» компаниясының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Жиында компания ұжымына жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары таныстырылып, құжатта көзделген өзгерістер мен нормалар түсіндірілді.

Кездесу барысында коалиция жетекшісінің орынбасары Гүлшат Мұсаева жаңа Конституция жобасында отбасы құндылықтарына ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті. Сонымен қатар, бала тәрбиесі мен отбасының жауапкершілігіне қатысты нормалар нақтыланған.

Коалиция мүшесі Дәурен Сейтжанов кәсіпкерлікті дамыту және әлеуметтік саланы қолдау мәселелеріне тоқталды. Жобада мемлекет кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға, экономикалық еркіндікті дамытуға, сондай-ақ азаматтардың еңбек ету, әлеуметтік қорғау, білім алу және медициналық қызмет алу құқықтарын нақты бекітуге бағытталған нормалар қамтылған.

Кездесу барысында ұжым мүшелері өз пікірлерімен бөлісті. Олар жаңа Конституция жобасындағы еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктердің нақтылануы, әсіресе ауыл еңбеккерлері үшін маңызды екенін атап өтті.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған