Бүгін Руханият орталығында ерікті жастармен мазмұнды әрі ашық форматта кездесу ұйымдастырылды. Басқосудың негізгі тақырыбы – «Жаңа конституциялық реформа – әділетті қоғамның негізі».

Кездесуге Жастар ресурстық орталығының директоры Н. Сейтжан және А. Ибрагимұлы қатысып, 2026 жылғы 15 наурызға жоспарланған республикалық референдумның маңыздылығы туралы кеңінен баяндады. Олар жаңа Конституция жобасында қамтылған негізгі бағыттарға тоқталып, реформаның ел дамуына, азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктеріне ықпалы жайында түсінік берді.

Жиын барысында жастар белсенділік танытып, өз ой-пікірлерін ортаға салып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Ашық диалог форматында өткен кездесу өзара сенім мен еркін пікір алмасуға жол ашты.

Шара соңында қатысушылар қоғамдық өзгерістерге әрбір азаматтың атсалысуы маңызды екенін атап өтті. Саналы, белсенді ұрпақ – елдің тұрақты дамуының кепілі екені ерекше айтылды.

Еліміздің болашағы – өз қолымызда.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған