Өткен жылдың қорытындысымен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бекітілген жоспарға сәйкес барлық негізгі көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етті.
Қалада 151 301 экономикалық белсенді халық бар. Жұмыссыздық деңгейі 4,4% болып, белгіленген межеден төмен қалыптасты.
Жыл ішінде 12 431 жаңа жұмыс орны құрылып, оның 7 291-і тұрақты жұмыс орындары болды.
10 мың тұрғынға 100 жұмыс орнын ашу тапсырмасы 111,8%-ға орындалды.
Жыл көлемінде “Мансап” орталығына 26991 азамат жүгініп, 12412 адам жұмыспен қамтылды, 4596 азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Мемлекеттік қолдау шаралары нәтижесінде 2 923 адам қоғамдық жұмыстарға, 1 224 жас жастар тәжірибесіне, 501 азамат «Күміс жас» жобасына, 100 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды. 564 азамат жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алды.Нысаналы топтарды қолдау Пробация есебіндегі және жазасын өтеп шыққан азаматтардың 102-сі тұрақты жұмысқа орналасты. Мүгедектігі бар 910 азаматтың 68-і тұрақты жұмыспен қамтылып, жүздеген адам қоғамдық жұмыстар мен кәсіптік оқуға тартылды.
Әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтар болсақ, 2025 жылы бөлім арқылы 22 107 мемлекеттік қызмет көрсетілді. 3508 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 18 216 адам қамтылды. 1–6 жас аралығындағы 5 590 балаға қосымша төлем берілді. 229 отбасы тұрғын үй көмегін алды. Жеңістің 80 жылдығына орай мыңнан астам ардагер мен теңестірілген азаматтарға біржолғы төлем жасалды.
Аз қамтылған отбасыларынан шыққан 198 студентке оқу гранттары бөлінді. 130 азаматқа бостандыққа шыққаннан кейін әлеуметтік көмек көрсетілді. 1 252 адам жеке көмекші қызметімен қамтылды. 26 «Инватакси» қызметі жұмыс істеді. 7 927 адамға оңалту құралдары берілді. 521 балаға үйде оқытуға материалдық көмек көрсетілді. 15 094 адамға Республика күніне орай біржолғы әлеуметтік төлем жасалды. Үйде қызмет көрсету арқылы 263 жалғызбасты қартқа көмек көрсетілді. 129 азамат бейімдеу орталығында қолдау алды. 529 зейнеткер жартылай стационарлық қызметпен қамтылды.«Отбасын қолдау» орталығы 3 800-ден астам адамға кеңес берді. Демеушілер есебінен 3 794 отбасыға азық-түлік және материалдық көмек көрсетілді.12 мың көпбалалы отбасыға спорт нысандарына тегін бару мүмкіндігі жасалды.
Биылға жұмыссыздық деңгейін 4,5%-дан асырмау жоспары бар. 16 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру, ай сайын бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу, жастарды тұрақты жұмысқа тарту, осал топтарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына кеңінен қатыстыру, мүгедектігі бар азаматтарға қолжетімді инфрақұрылымды дамыту, өмірлік қиын жағдайдағы отбасылар санын азайту – негізгі міндет.