Әлемдік додада көк туымызды желбіреткен отандасымыз Михаил Шайдоров пен аталмыш спорттық бәсекеде жоғары нәтиже көрсеткен Софья Самоделкина Қазақстанға келді, – деп хабарлайды.
Отандастарымызды туған-туыстары, достары және жанкүйерлері елордадағы әуежайдан қошеметпен қарсы алды.
Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы Геннадий Головкин Олимпиада чемпионына ризашылығын білдіріп, ел мерейін асқақтатқан спортшыға құрмет көрсету керек екенін атап өтті.
– Біздің елімізде де мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы бар! Осындай чемпионымызбен мақтанамыз! – деді Головкин.Көк туымызды көкте желбіреткен Михаил Шайдоров қысқы Олимпиадада тақым қысып, тілеулес болған отандастарына ризашылығын жеткізді.
– Мен барша жанкүйерге қолдау көрсеткендері үшін алғысымды білдіремін және еліміздің атын әлемдік аренада таныту үшін қолымнан келгеннің бәрін жасауға дайынмын, – деді Олимпиада чемпионы.