“Қызылорда Тазалығы” КМК-де Референдумға байланысты ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Мекеме басшысы Сапарғали Асылбеков ұжым қызметкерлеріне алдағы жалпыхалықтық дауыс берудің маңызын түсіндіріп, Референдумның мемлекет дамуының стратегиялық бағытын айқындайтын маңызды демократиялық тетік екенін атап өтті.

Кездесу барысында дауыс беру тәртібі мен құқықтық негіздері жөнінде ақпарат беріліп, әрбір азаматтың ел болашағына үлес қоса алатыны жеткізілді. Қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, пікір алмасу ұйымдастырылды.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған