▪️Қызылорда қаласының №2 сотында сотталушы Г.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.
▪️Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Г. жәбірленуші Қ.-ның дәрігерлік амбулаторияның кабинетінде науқас қабылдап, өзінің қызметін атқарып отырғанда кіріп келіп, жанжал шығарған.
▪️Өз кезегінде жәбірленуші кезекпен кіруді талап еткен уақытта, сотталушы оның жағасынан ұстап, жұдырығымен соққы жасап, денсаулығына жеңіл зиян келтірген.
▪️Сотталушы Г. ҚР ҚК-нің 108-1-бабы 2-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Қызылорда қаласының №2 соты