▪️ Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы 3-бөлігімен азаматша А.-ға қатысты іс қаралды.
▪️ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азаматша А.-ның кәмелетке толмаған ұлы сағат 01:40 шамасында көлік құралын басқаруға құқығы жоқ күйінде автокөлік басқарған.
▪️ Осылайша, А. ата-ананың міндеті кәмелеттік жасқа толмаған баласын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамай, баласының әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекетке баруына жол берген.
▪️ Сот қаулысына сай азаматша А. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 60 550 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты