▪️ Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап қоюшы «К» акционерлік қоғамы жауапкер «К» акционерлік қоғамынан қарыз сомасы 73 250 595 теңгені өндіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.
▪️ Сот тараптарға дауды татуласу рәсімдерімен, оның ішінде сотқа дейінгі хаттаманы толтыру арқылы реттеу жөніндегі құқықтарын түсіндіріп, нәтижесінде, тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.
▪️ Сот ұйғарымымен тараптар арасындағы дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, төленген мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылып, азаматтық іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты