▪️Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 1-бөлігімен азаматша А.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
▪️Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азаматша А.-ның кәмелетке толмаған ұлы үй ішінде сіріңкемен қағаз өртеп, сол әрекетімен үй ішінде өрт қаупін тудырған.
▪️Азаматша А. сотта берген түсінігінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісетінін, баласының әрекетіне өкінетінін білдіріп, жеңіл жаза қолдануды сұрады.
▪️Сот қаулысына сай азаматша А. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 27 524 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты