▪️Байқоңыр қалалық сотында талап қоюшы Д.-ның жауапкер А.-дан алимент өндіру туралы талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралды.
▪️ Талап қоюшы өзінің талап қоюында жауапкер А. әкесі болып табылатынын, қазіргі таңда өзінің жоғарғы оқу орнында күндізгі оқу бөлімінде білім алып жатқанын көрсетіп, оқуын бітіргенге дейін жауапкерден алимент өндіруді сұраған.
▪️ Істі негізінен қарау барысында тараптар медиациялық келісімге келіп, ол бойынша жауапкер талап қоюшыға оқуын бітіргенге дейін ай сайын 21 АЕК мөлшерінде алимент төлеп тұруға міндеттенген.
▪️Сот ұйғарымымен дауды реттеу туралы медиациялық келісім бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.
Байқоңыр қалалық соты