▪️Қазалы аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 2-бөлігімен құқық бұзушы азамат Н.-ға қатысты іс қаралды.
▪️Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Н. үйіне алкогольдік масаң күйде келіп, жұбайы А.-ның мазасын алып, сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөздер айтып, отбасы тыныштығын бұзып, бұл әрекетті бұрын әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған.
▪️Сотта құқық бұзушы Н. кінәсін мойындап, енді мұндай әрекеттерді қайталамайтынын айтып, жәбірленушіден кешірім сұрады.
▪️Құқық бұзушы ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 40 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылды.
Қазалы аудандық соты