▪️Талап қоюшы Қызылорда қалалық сотына талап қою беріп, онда ақшаның сақталуына қауіп төніп тұрғандығы жөніндегі белгісіз тұлғалардың алдауымен жауапкердің банк шотына өз ақшасын аударғанын, жауапкермен бұрын таныс еместігін, қандай да бір келісімнің немесе шарттың болмағанын көрсете отырып, соттан жауапкерден негізсіз баю сомасын өндіріп беруді сұрады.

▪️Сотта талап қоюшы аударған 4,5 миллион теңге көлеміндегі ақша жауапкердің банктік шоттарына түскені банк көшірмелерімен расталып, тараптардың ақша аударымына дейін таныс болмағаны, араларында ешқандай міндеттемелік қатынастар болмағаны анықталды.

▪️Жауапкер талап қоюшының ақшасын қайтару бойынша шаралар қабылдамаған.

▪️Іс бойынша дәлелдемелер зерделеніп, сот жауапкерден талап қоюшы пайдасына 4,5 миллион теңге көлеміндегі негізсіз баю сомасын өндіру туралы шешім шығарды.

Қызылорда қалалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған