▪️ Байқоңыр қалалық сотына талап қоюшы Р. жауапкер К.-ден негізсіз баюды сомасын өндіру туралы талап қоюмен жүгінген.
▪️ Тараптарға дауды татуластыру рәсімдерінің көмегімен реттеу жөніндегі құқықтары түсіндірілген. Сот талқылауы барысында тараптар дау бойынша өзара келісімге келгендерін көрсетіп, соттан бітімгершілік келісімді бекітуді сұраған.
▪️ Судья тараптардың бітімгершілік келісімен зерделеп, оларды тыңдай отырып, келісімді бекітуге жатады деген қорытындыға келген.
▪️ Келісімнің шарттарына сәйкес, жауапкер барлығы 2 750 000 теңгені 2025 жылғы 15 қарашадан бастап 2026 жылғы 15 қарашаға дейін ай сайын 210 000 теңгеден, 2026 жылғы 15 желтоқсанда 20 000 теңге төлеуге міндеттенді.
▪️ Сот ұйғарымымен тараптар арасындағы бітімгершілік келісім бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.
Байқоңыр қалалық соты