▪️Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 128-бабының 1-бөлігімен азамат Т.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

▪️Сотта анықталғандай, Т. футбол алаңында өзінің кәмелетке толмаған ұлын кәмелетке толмаған Н.-мен төбелестіріп, кәмелетке толмаған адамды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тартқан.

▪️Сот отырысында Т. кінәсін толық мойындап, өз әрекетіне өкінетінін көрсетіп, кәмелетке толмаған алты баласының барын айтып, өзіне кешіріммен қарауды сұраған.

▪️Сот қаулысымен Т.-ға 137 620 теңге айыппұл жазасы тағайындады.

Арал аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған