Қазақстан Ұлттық банкі «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан Әлия Молдағұловаға арналған Áliya Moldaǵulova. 100 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарды.Коллекциялық монета Кеңес Одағының Батыры, Ұлы Отан соғысына қатысушы Әлия Молдағұлованың бейнесін портрет түрінде көрсетеді.
Монетаның сипаты:
– Brilliant uncirculated сапасымен;
– мельхиор қорытпасынан жасалған;
– номиналы 200 теңгелік монеталардың салмағы 15 грамм;
– диаметрі 33 мм;
– таралымы – 10 000 дана.