2025 жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша үш тәуелсіз кассациялық сот жұмысын бастады.

Мемлекет басшысы Судьялардың IX съезінде сот төрелігіне қолжетімділікті кеңейтуге, инвестициялар мен бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ әділеттілік және заң үстемдігі қағидаттарын жүзеге асыруға бағытталған.

Кассациялық сот сот жүйесін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады.

Кассациялық соттың негізгі міндеті – сот шешімдерін қабылдау кезінде заңдардың дұрыс қолданылуы мен түсіндірілуінің сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
Кассациялық сатыдағы сот бірыңғай заң тәжірибесі мен сот практикасын қалыптастыруда маңызы зор. Кассация біркелкі нормаларды белгілеуге, заңнаманы түсіндіруге және үйлестіруге, сондай-ақ кейінгі істер мен сот шешімдеріне үлгі болатын жаңа прецеденттерді жасауға әсер етеді.

Көпшіліктің пікір-ұсынысын ескерген Мемлекет басшысы сот төрелігіне толыққанды қол жеткізуді қамтамасыз ету, қылмыстық қудалау саласына тартылған адамдардың құқықтарын қорғау бойынша құзырлы органдарға тапсырма бергені есімізде. Расында,  күнделікті тәжірибе көрсеткендей барлық қылмыстық істердің мән-жайын мұқият, үздіксіз тексергенде ғана әділдік орнығады. Бұл сотқа мемлекеттегі қауіпсіздікке деген сенімнің негізі. Сондықтан, кассациялық соттың жаңа моделі азаматтардың құқығы мен мүддесін үздіксіз, жан-жақты, сапалы қорғаудың тетігі деп бағалағанымыз дұрыс. Жаңа соттар іс бойынша түпкілікті шешім қабылдайтын сот жүйесінің буыны болады.

Кассациялық соттар Астана қаласында жасақталып, барлық өңірден келген шағымдарды қарайды. Бұл жергілікті заң органдарымен ымыраластыққа жол бермеу үшін жасалып отыр. Осыған дейін азаматтар аппеляция шешімімен келіспесе, іс Жоғарғы сотқа өтіп, шағымдардың 25 пайызы ғана қаралған. Енді арыз-талап және сот процесі кезінде болған кемшіліктер назардан тыс қалмайды.
Кассациялық сот үш бағытта жұмыс істейді. Ендігі кезекте адам өлтіру, алаяқтық, ұрлық, есірткі айналымы, жемқорлыққа қатысты шағымдар Қылмыстық істер жөніндегі бағытта қаралады. Ал еңбек дауы, алимент, коммуналдық қызметтер, несиеге байланысты шағымдар Азаматтық істер бөлімінде зерделенеді. Ал басқа да даулы мәселелер Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотта шешіледі. Қазір осы бағыттарда жұмыс істейтін 75 судья іріктелді.

Нақты критерийлер енгізіліген. Кассациялық сотқа өтетін судьялар міндетті түрде сот ретінде 8 жыл жұмыс істеуі керек. Оның ішінде 3 жыл аппелециялық сатыда сот болып істеуге міндетті.
Бұған дейін шағымдар осынша уақытта қаралуы тиіс деген талап болған жоқ. Енді кассациялық соттан жауап жарты жыл ішінде келеді.

Кассация  жұмысының басты мақсаты-жазықсыз азаматтардың сотталуына жол бермеу. Сонымен қатар, кінәлілер үшін әділ жаза тағайындау да соттың басты міндеті болып табылады.

Н.Елшібеков

Шиелі аудандық соты әкімшісінің басшысы.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған