▪️Талап қоюшы мемлекеттік мекеме сотқа талап қою беріп, онда жауапкер «Б» жеке кәсіпкерін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тануды сұраған.
▪️Анықталғандай, мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы болып «Б» жеке кәсіпкері танылып, тараптар арасында келісім шарт жасалған.
▪️Шартқа сәйкес, «Б» жеке кәсіпкері 974 444 теңгеге мотор жеткізуге міндеттелген.
▪️Алайда, жауапкер шартта көзделген міндеттемелерін орындамаған.
▪️Сотта тараптардың түсініктері тыңдалып, дәлелдемелер зерттеліп, талап қою қанағаттандырылып, жауапкер «Б» жеке кәсіпкері мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп танылды.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты