▪️Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап қоюшы жауапкерден 758 183 теңге қарыз сомасын өндіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.
▪️Сот тараптарға дауды татуласу рәсімдерімен, оның ішінде сотқа дейінгі хаттаманы толтыру жөніндегі құқықтарын түсіндіріп, нәтижесінде, тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.
▪️Азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, төленген мемлекеттік баж 22 746 теңге талап қоюшыға қайтарылып, азаматтық іс жүргізу өндірістен тоқтатылған.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты