▪️Қармақшы аудандық сотында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды.
▪️Кездесу барысында судья А.Қазыбеков оқушыларға сот отырысының регламенті мен өткізілу тәртібі, соттағы тәртіп пен әдеп нормалары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы түсіндірме берді.
▪️Сонымен бірге, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік, құқық бұзушылықтың салдары, интернеттегі қауіпсіздік, әлеуметтік желілердегі мінез-құлық нормалары жөнінде айтып өтті.
▪️Шара пікір алмасу форматында өтіп, оқушылар сот жүйесіне қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды.
Қармақшы аудандық соты