Талап қоюшы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны сотқа талап қою беріп, онда жауапкер «М» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тануды сұраған.
Анықталғандай, мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы болып «М» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі танылып, тараптар арасында келісім шарт жасалған.
Келсім шартқа сәйкес, «М» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 560 000 теңгеге тиісті деңгейде 700 литр мотор майын жеткізуге міндеттелген.
Алайда, «М» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі келісім шартта көзделген міндеттемелерін орындамаған.
Сотта тараптардың түсініктері тыңдалып, дәлелдемелер зерттеліп, талап қою қанағаттандырылып, жауапкер «М» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жосықсыз қатысушы деп танылды.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты