Қызылорда облыстық сотында мемлекеттік қызметшілерге арналған кездесу өткізілді.

Оған Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің басшысы М.Асанова, аудандық және оған теңестірілген соттардың әкімшілерінің басшылары мен мамандары, «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы С.Сүлеймен қатысты.

Департамент басшысы М.Асанова жиынды ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, көтеріліп отырған мәселелердің маңыздылығына тоқталды.

Жиында С.Сүлеймен сөз алып, «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің негізгі қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау және оның туындауына себеп болатын жағдайларды жою болып табылатынын, жемқорлықтың алдын алу мақсатында талдау жұмыстарын жүргізетінін атап өтті.

Сонымен бірге, мемлекеттік қызметші жалпыға ортақ қабылданған моральдық-әдеп нормаларын ұстанып, қарапайымдылық танытып, заң талаптарын бұзуға жол бермей, сыбайлас жемқорлық көріністерінен аулақ болу керектігі айтылды.

Кездесу соңында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған