Тараптар тұрғын үйді сатуды жарнамалау бойынша қызмет көрсету шартын жасасқан.
Шартқа сәйкес жеке кәсіпкер болып табылатын талап қоюшы «Ш» жауапкердің тұрғын үйін сату бойынша жарнаманы әлеуметтік желі арқылы жариялауға, сатып алушыларға аталған тұрғын үйді көрсетуге міндеттенген. Келісімге сәйкес, қызмет құны 200 000 теңгені құраған.
Шарттың әрекет етуі кезінде жауапкердің тұрғын үйі талап қоюшы жіберген тұлғаға сатылған. Алайда, жауапкер қызмет құнын төлеуден бас тартқан.
Сот тараптарға істі бітіммен аяқтау туралы құқықтарын түсіндірді.
Белгіленген мерзім ішінде тараптар сотқа медиациялық келісім мен оны бекіту туралы өтініш хат жолдады.
Өз кезегінде сот тараптар ұсынған дауды медиациямен рәсім тәртібімен аяқтау туралы келісімді бекітіп, іс жүргізуді тоқтатты.
Қызылорда қалалық соты