Қызылорда облысы әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жауапты сала басшыларымен бірге астық, тұқым, мал жемі көтерме саудасымен айналысатын «Harvest Kazakhstan» компаниясы өкілдерімен кездесті.

Басқосуда бірлесіп атқарылатын жұмыстар талқыланды.

– Біздің өңір – әріптестік пен ин­­вес­­тициялар үшін үлкен әлеуеті бар, қарқынды даму жолына түскен агро-ин­дус­триялық аймақ. Облыстың әлеу­меттік-эконо­мика­лық жағдайы Сырда­рия өзеніндегі су деңгейіне тікелей байла­нысты.

Егілетін негізі дақыл – күріш, ол суды көп қажет етеді. Жалпы егіс көлемі 190 мың гектар, оның ішінде күріш көлемі 80-85 мың гектар аралығында. Еліміздегі күріштің 90 пайыздан астамы Қызылорда облысында өндіріледі.

Мемлекет басшысының Жолдауын­дағы су ресурстарын үнемдеу, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу жөніндегі тапсырмаға сәйкес күріш көлемін азайтып, жүгері алқаптарын ұлғайтуды жоспарладық.

Бұл бағытта Жаркент қаласындағы жүгері-сірне зауыты басшысымен келіссөз жүргіздік. Ол бойынша бірінші кезеңде, яғни 2025-2026 жылдары кептіру цехы, екінші кезеңде 2026-2029 жылдары жүгеріні терең өңдеу зауыты салынады.

Зауыт тиімді жұмыс жасауы үшін кем дегенде 20 мың гектарға жүгері егілуі қажет. Сіздерге өткенде белгіленген 10 мың гектар жер телімі табысталады. Компанияның ауыл шаруашылығы саласындағы тәжірибесін ескеріп, бірлесіп жұмыс жасауға дайынбыз.

Біз әрбір инвесторды қолданыстағы заңнама аясында сүйемелдейміз.

Барлық инфрақұрылым желісі қолжетімді, облыс әкімдігі қажетті техникалық шарттарды алуға жан-жақты қолдау көрсетеді, – деді Н.Нәлібаев.

Басқосуда «Harvest Kazakhstan» компаниясының бас директоры Дәулет Увашев әріптестік қарым-қатынасты дамытуға дайын екенін жеткізді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған