Қазақстан – түрлі мәдениеті мен дәстүрі тоғысқан біртұтас халықтың ортақ шаңырағы. Бүгінгі күннің тыныштығы мен қоғамдағы тұрақтылық – әр азамат үшін ең қымбат құндылықтардың бірі.
Өз тағдырын осы жермен байланыстырған шешен қауымы үшін де қазақ жері – құтты мекен, аманат Отаны. Ел ішіндегі өзара сыйластық пен түсіністік бізге болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді.
Татулық пен бейбітшілік – тек өткеннің емес, болашақтың да кепілі. Осы құндылықтарды сақтау – барша азаматтың ортақ парызы.
Лайла Пашаева
Қызылорда облыстық шешен этномәдени бірлестігінің төрағасының орынбасары