Мемлекет басшы­сы­ның тап­сыр­масын жүзеге асыру аясында Қазақстанда заңсыз шетел­ге шығарылған активтерді елге қайтару арқылы әлеуметтік нысандар салу жұмыстары жалғасып жатыр. Арнаулы мем­лекеттік қордан Қызылорда облысындағы денсаулық сақтау саласындағы бірқатар жобаға шамамен 7 млрд. теңге бөлінді.

Бұл қаражат Арал, Қазалы, Шиелі және Жаңақорған аудандарындағы орталық аудан­дық ауруханалар жаны­нан жаңа ғимараттар салуға бағытталған.

Онда инсульт орталықтары, рентгенхирургия бөлімшелері және басқа да бейінді бөлім­дер ашылып, заманауи меди­циналық жабдықтар: магнит­тік-резонанстық томография, компьютерлік томография және ангиографиялық қондырғылар орнатылады.

Жобалар жүзеге асқан соң, ауылдық жерлердегі 300 мыңнан астам тұрғын мамандандырылған медициналық көмекке қол жеткізеді.

Нысандарды биыл пайдалануға беру жоспарланған.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған