2021 жылдың 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Осы актпен енгізілген жаңалықтардың бірі – эксаумақтық соттылықты енгізу. Соттылық дегеніміз – сот ісін қарауға тиісті нақты соттың ұйғарымы. Соттылық кезінде аудандық және мамандандырылған соттардың құзыреттері ажыратылады; – аумақтық соттылық  сот жұмыс істейтін аумаққа байланысты сотты таңдау. Жалпы ереже бойынша талап жауапкердің орналасқан жері бойынша сотқа беріледі. Аумақтық соттылық мынадай түрлерге бөлінеді: баламалы (талап қоюшының таңдауы бойынша соттылық), айырықша (нақты даулар бойынша соттылық заңда айқындалады), шарттық (тараптардың келісімі бойынша соттылық). 2022 жылдың 1 тамызынан бастап экстерриториялық, яғни эксаумақтық соттылық принципі қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексі бойынша тараптардың өзара келісімі бойынша осы іс үшін, оның ішінде істі сот талқылауына дайындау сатысында соттың іс жүргізуіндегі істер бойынша аумақтан тыс соттылықты таңдау құқығын көздейтін нормамен толықтырылады. Экстерриториалдық соттылық қағидаты талап қою немесе азаматтық іс республиканың барлық соттары арасында бөлінетін болады. Компьютерлік бағдарлама арқылы автоматтандырылған тәсілмен оның аумақтық орналасуына қарамастан, жүктемесі аз сот іріктелетін болады. Басқаша айтқанда, талапкер мен жауапкер бір аймақта, ал сот басқа аймақта болатын жағдай мүмкін болады. Жаңашылдықтың мақсаты – сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сот жүктемесін бүкіл ел бойынша біркелкі бөлу. Жаңалыққа сәйкес тараптар даулар туындаған жағдайда істі құзыретті сот эксаумақтық соттылыққа сәйкес шешетіні туралы дербес уағдаласа алады.

Тараптар ведомстволық соттылықты немесе айрықша соттылықты тараптардың келісімімен өзгертуге болмайтынын, ведомстволық немесе айрықша соттылықты өзгерту туралы шарттың талаптары елеусіз болатынын, яғни экстерриториялық соттылық – бұл бүкіл ел бойынша бірінші инстанция сотын оның мамандануын (аудандық, экономикалық, ювеналдық т.б.) ескере отырып, таңдау туралы шарт екенін ескеруі қажет. Аталған жанашылдықты іске асыру сот төрелігін іске асыру процесіне ақпараттық технологияларды енгізуге байланысты мүмкін болды.

М.Жусупбекова

Қызылорда қаласының №2 сотының 

сот әкімшісі басшысы 

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған