Премьер-министр орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Экономиканың нақты секторын дамыту мәселелері жөніндегі штаб отырысы өтті. Жиынға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ интеграцияланған шешімдер департаменті инвестициялық жобалар басқармасының басшысы Мағжан Серікбаев, «Тау-кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Нариман Абсаметов, «АКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айдын Досқараев, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ басқарушы директоры Нұрбол Жаңабеков пен жауапты сала басшылары селекторлық режим арқылы қатысты.

Күн тәртібінде үш Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаның жұмыс барысы, Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестициялық жобалары және ірі инвестициялық жобалардың проблемалық мәселелері қаралды

Басқосуда Серік Жұманғарин Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру, өңірлер мен экономиканың нақты секторларын кешенді дамыту туралы тапсырмаларын орындау негізгі басымдық екенін айтып, Сыр еліндегі жұмыстарға оң бағасын берді.

– «Бүгін Экономикалық өсуді қамта масыз ету жөніндегі жедел штабтың осы жылғы алғашқы отырысын өткі земіз. Мемлекет басшысының тапсыр масына сәйкес елдің инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатында өткен жылдың желтоқсан айында Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа іске қосылды. Бұған дейінгі көшпелі отырыстың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға бірқатар тапсырма берілді, оның ішінде цифрлық платформаны ақпаратпен сапалы толтыру тапсырылды.

Өңдеу өнеркәсібі, тау-кен, метал лургия және агроөнеркәсіптік кешенді қамтитын, осы жылы жүзеге асыры латын инвестициялық жобалар пулын қалыптастыру жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет. Бұл жұмысқа мемлекеттік органдардың, әкімдіктер мен қаржы институттарының белсенді қатысуы талап етіледі.

Жалпы әкімдіктер аймақтың ерек шеліктерін ескеріп, өңдеу өнеркәсі біндегі шағын және орта бизнес кәсіпорындарының үлесін арттыруы, экономиканың нақты секторларындағы инвестициялық жобаларға басымдық беруі, қолдауды күшейтуі қажет. Әрбір өңірде аймақтық дамудың берік негізін құрайтын ірі жобалар болуға тиіс.

Атап өту қажет Қызылорда өңірінің даму қарқыны өте жақсы. Барлық сек торда белсенділік танытып келеді. Осы жұмыстарды одан әрі жалғастыру маңызды. Қаражатты мақсатты жұм сап, ауқымды жобаларды сәтті жүзеге асыратын аймақтарға біздің тарапы мыздан әрқашан қолдау көрсетіледі», – деді С. Жұманғарин.

Штаб отырысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына тоқталып, алдағы жоспарлар туралы айтты.

– «Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауының арқасында Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын[1]да оң тенденция сақталды. 2024 жылдың қорытындысымен экономикалық көрсеткіш 107,0 пайызды (2023 жылы – 107,3%) құрады.

Жоспар бойынша жалпы өңірлік өнімнің көлемі 3,2 трлн. теңге, өсім 6,3 пайыз болады деп күтілуде. Бюджеттің өз кірістерінің көлемі 44 пайызға ұлғайды, барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштің өсімі қамтамасыз етілді. Өңдеу өнеркәсібі 19,6 пайызға, ауыл шаруашылығы 2,3 пайызға, тұрғын үй 16,9 пайызға, көлік 2,8 пайызға, сауда 6,6 пайызға, құрылыс жұмыстарының көлемі 53,8 пайызға артты.

Өткен жылы облысымызға барлық көздерден 639 млрд. 500 млн. теңге инвестиция тартылды. 2023 жылмен салыстырғанда өсім 21,7 пайыз, республикалық көрсеткіштен (РК – 107,5%) 3 есе артық орындалды. Жеке инвестициялардың үлесі 70,5 пайыз. Өңірге шетелдік инвесторларды, озық технологияларды тарту бойынша белсенді жұмыс жалғасуда», – деді Н.Нәлібаев. Сондай-ақ, жиында облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және инвестициялық жобалар туралы баяндады. «Шалқия мырыш ЛТД» АҚ бас директоры Асқар Тілеулин, «Арал Сода» ЖШС құрылтайшысы Дәурен Мұқашев өндірістегі мәселелерді ортаға салды.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған