Шиелі аудандық сотында сотталушы Т.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына қарағанда, сотталушы Т. көшеде көлік құралын көріп, автокөлік қасына барып, көлік есігінің ашық екендігін және автокөліктің ішінде кілті тұрғандығын байқап, көлік құралын жымқыру мақсатынсыз иеленіп алу пиғылы туындап, автокөлікке отырып, көлік құралын жымқыру мақсатынсыз иеленіп кеткен.

Сотта сотталушы Т. әрекетін толығымен мойындап, жәбірленушімен татуласуына байланысты істі өндірістен тоқтатуды сұрады.

Сотта жәбірленуші А. сотталушыға қатысты қозғалған қылмыстық істі өзара татуласуларына байланысты тоқтатуды сұрады.

ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық теріс қылық немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтірілген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады.

Шиелі аудандық сотының қаулысымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 200-бабы 1-бөлігімен сотталушы Т. Қылмыстық Кодексінің 68-бабының 1-бөлігінің талабына сай жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен тоқтатылған.

Шиелі аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған