Әлемдегі мемлекеттердің дамуына мемлекеттік қызметшілердің қосар үлесі мен салмағы ерекше. Еліміздегі мемлекеттік бағдарламалар мен реформалардың тиімді жүзеге асуы да мемлекеттік қызметшілердің білімі мен біліктілігіне байланысты.

Өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің штат саны 3 346 бірлікті құраса, қазіргі таңда нақты 3 271 мемлекеттік қызметші жұмыс жасайды. Оның 15-і саяси әкімшілік қызметшілері, 3 256-ы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері болып табылады.

Мемлекеттік қызметшілер арасындағы әйелдердің үлесі 45,4% құраса, оның 9,1%-ы түрлі деңгейдегі басшылық лауазымдарда еселі қызмет атқаруда.

Өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің 99,6% қазақ ұлтының өкілдері.

Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметтегі орташа еңбек өтілі 12,8 жылды, орташа жасы42,2 жасты, жоғары білімділердің үлесі 95,4%-ды, екі немесе одан да көп білім иелерінің үлесі 23,6%-ды құрайды.Сондай-ақ, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі бар қызметшілердің үлесі 0,3%.

Сонымен бірге, 0,8%-ы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, 0,1%-ы «Болашақ» халықаралық стипендиясының, 0,9%-ы шетелдік оқу орындарының түлектері болып табылады.

2024 жыл өңірдегі барлық деңгейдегі мемлекеттік органдарда
748(345ішкі және 403жалпы конкурс) бос лауазымдарға орналасуға конкурстар өткізіліп, нәтижесімен 496 үміткер бос лауазымдарға қабылданды.

Меритократия қағидаттарына сәйкес мансаптық өсу жолымен ішкі конкурстар арқылы жоғары лауазымдарға тағайындалғандардың үлесі 71,9%-ды құрап отыр.

Өткізілген конкурстардың ішінде 252 конкурстың 82,9%-ы үміткерлер қатыспағандықтан, 4,8%-ы біліктілік талаптарына сәйкес келмегендіктен, 9,1%-ы үміткерлердің конкурстық комиссияның оң шешімін алмағандықтан, 3,2%-ы конкурстық комиссияның оң шешімін алған үміткерлердің ұсынылған лауазымға орналасудан өз еріктерімен бас тартуы себепті  өткізілмеген.

Өткізілген конкурстық рәсімдердің барлығы дерлік қоғамдық байқаушылардың қатысуымен өткен.

Қоғамдық байқаушылардың 0,9%-ы жергілікті деңгейдегі мәслихат депутаттары, 3,4%-ы БАҚ өкілдері, 1,7%-ы ҮЕҰ өкілдері, 3,6%-ы саяси партия өкілдері, 27,3%-ы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, 16,2%-ы тағы басқалары, ал 46,9%-ы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның, яғни Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлері.

Өткен есепті жыл көлемінде мемлекеттік қызмет жүйесінен
108(3,2%) қызметші кеткен болса, оның 3,8%-ы коммерциялық секторларға, 7,4%-ы квазимемлекеттік секторларға, 2%-ы жеке секторларға, және 86,8%-ы  басқа да белгілі себептермен өз өтініштеріне сәйкес мемлекеттік қызмет жүйесінен кеткен.

Сонымен қатар, 5 мемлекеттік қызметші теріс себептер бойынша жұмыстан босатылған.

Бақытжан Нұралы

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған