Депутаттық фракция алдында қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев Жол картасының Қызылорда қаласында ағымдағы жылдың 11 айында орындалу барысын баяндады.

«АМАNАТ» партиясының өңірлік сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасында облыс бойынша барлығы 122 іс-шара қамтылған, оның ішінде Қызылорда қаласы бойынша 2024 жылы 41 іс-шараның орындалуы жүзеге асырылуда.
2024 жылғы 11 ай қорытындысымен жүргізілген талдау барысында жоспарланған 41 іс-шараның орындалғаны – 30 іс-шара (73%), орындалу сатысында – 11 іс-шара (27%).

Осы кезекте Жол картасында көрсетілген Ауыл аманаты, Жер аманаты жобаларының шаһарымызда іске асу барысы қарқынды жүріп жатқанын атап өту керек.

Ағымдағы жылы Жер аманаты жобасы аясында пайданылмай жатқан 842 ГА жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылып, жоспар екі есеге артық орындалған болатын.

Фракция отырысында партияның қалалық филиалының Төрағасы Ибадулла Дүйсенбайұлы Жол картасының орындауда барлық фракция мүшелерін белсенділік танытуға шақырып, жергілікті атқарушы органдармен ағымдағы жылдың жоспарын толық іске асыруға жұмыс жасалатындығын жеткізді.

Жиын соңында фракция мүшелері Жол картасының іске асуына байланысты бірқатар сауалдар жолдап, пікір алмасты.

Айта кетейік, ағымдағы жылы партияның Жол картасы аясында Қызылорда қаласында Сол жағалаудағы «Жайлы мектеп», Облыстық «Қан орталығы», «Қорқыт ата» атындағы әуежайдың жаңа терминалы ел игілігіне табысталған болатын.

#AMANAT

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған