Қызылорда қаласындағы Өнер орталығында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен дала еңбеккерлерінің дәстүрлі «Алтын күз – 2024» мерекесі өтті.
Мерекеде облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев диқандарды мерейлі шақпен құттықтап, озаттарды марапаттады.
Жыл қорытындысымен «Ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту бойынша озат аудан» номинациясына Сырдария ауданы лайық болып, марапат аудан әкімі Берік Сәрменбаевқа табыс етілді.
Биыл ауданда инвестиция тарту жұмыстары қарқынды жүргізіліп, экономикалық даму қамтамасыз етілуде.
Салтанатты іс-шарада өндіріс озаттарына «Абзал и К» ТС 5, «Абай Дәулет» ЖШС 3 автокөлік табыстады
Сала үздіктері мен ардагерлеріне Қазақстан Республикасы Премьер- министрінің Алғыс хаты, Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі, Қызылорда облысының Құрмет грамотасы, облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.