Қызылорда қаласының №2 сотында сотталушы А.-ға қатысты қылмыстық  іс  қаралды.

Анықталғаны:

Жәбірленуші А. азаматтық некедегі күйеуі сотталушы Ж.-ның ұялы телефонына тіркелген  абоненттік нөмірін алып, өзінің телефонына салып, сол кезде белгісіз әйелмен сөйлескенін оқып, қызғанышпен  азаматтық некедегі күйеуіне смс-хаттарды көрсетіп, араларында жанжал туған.

Осы сәтте сотталушы жәбірленушіні балағаттап, жұлқылап, бірнеше рет аяусыз, аса қатыгездікпен ұрып-соғып, еденге құлатып, басынан шыны бөтелкемен ұрып, оның ұялы телефонын алып қойған.

Жәбірленуші өміріне қауіп төніп тұрғанын және әрі қарай өмір сүру мүмкіндігінен айырылып қалуын сезініп, азаматтық некедегі күйеуінің ұрып-соғу әрекеттерінен құтылу мақсатында қонақ бөлмедегі лоджиядан өз еркімен секірген. Нәтижесінде, жәбірленуші А.-ның денсаулығына «ауыр» дәрежелі зиян келіп, І-топ мүгедектігі тағайындалған.

Сот  қорытындысы  немен  бекітіледі

Сот  талқылауында  сотталушы  өзіне  тағылған  айыпты  мойындамады.

2022 жылғы  сот-медициналық сараптамасының  қорытындысына сәйкес жәбірленушінің денсаулығына «ауыр» дәрежедегі зиян, ал 2024 жылғы қосымша сараптама қорытындысына сәйкес, жеңіл дәрежедегі зиян келгені бекітілген.

Жәбірленуші А. заң шеңберінде қатаң жаза тағайындауды,  материалдық шығын 5 000 000 теңге және моралдық шығын 100 000 000 теңге өндіруді сұраған.

Сот  үкімі бойынша:

Сотталушы  А. ҚК-нің 105-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде өтеуге белгіленді, ҚК-нің 49-бабы негізінде «майор» шенінен айыруға деп тағайындалды.

Азаматтық талап бойынша материалдық шығын 4 054 181 теңге және моралдық шығын 5 000 000 теңге өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қызылорда  қаласының  №2 соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған