Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 345-бабы 3-бөлігінде көзделген сотталушы М.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы М.  «Volkswaqen Vento» үлгісіндегі автокөлігімен шығыстан батысқа қарай қозғалыс жасап келе жатып, рөлдік басқару жүйесіне еге бола алмай, қарама қарсы бағытқа шығып кетіп, осы көшенің бойында өзіне қарама қарсы бағытта бағыты батыстан шығысқа қарай козғалыс  жасап келе жатқан «Skyway 270 ABD» үлгісіндегі мотокөлігіне соғып, жол-көлік оқиғасын жасаған.

Салдарынан, «Skyway 270 ABD» үлгісіндегі мотокөліктің жүргізушісі жәбірленуші Г. алған дене жарақаттарынан, оқиға орнында қайтыс болған.

Сотталушы М. автомобильді басқарып, жолжүрісі қағидасының талаптарын бұзып, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекетті жасап, ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған.

Басты сот талқылауында жәбірленуші өкілі кешірім беретінін, ешқандай талап тілегі жоқтығын, өздеріне тиісті материалдық көмек берілгенін, бас бостандығы өзінде қалатын жаза қолдануды сұрайтын айтып көрсетті.

Сот үкімімен сотталушы М. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылсын, оны 2 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып,  ҚК-нің 63-бабы 1-бөлігіне сәйкес 2 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаса тағайындалып, 44-бабы 2-бөлігінің қағидалары бойынша  бас бостандығынан айырудың барлық тағайындалған 2 жыл мерзіміне пробациялық бақылау белгiленді.

Қызылорда қаласының №2 соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған