Партияның қалалық филиалының өкілдері, «Жастар рухы» жастар қанатының еріктілері, Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің арнайы жасағы қаладағы көппәтерлі үйлердің тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ағымдағы жылы көппәтерлі тұрғын үйлердің терезелерінен 13 бала құлаған. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен тұспа-тұс келіп отыр.

Түсіндірме жұмысы барысында азаматтарға терезеге арналған арнайы торлар мен терезе есігін бұғаттағыш құрылғыларды орнату жөнінде нұсқаулар жүргізілді.
Қала тұрғындары түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде арнайы қондырғыларды орнатып, қауіпсіздік шараларын сақтауда. Аталған іс шара алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

#AMANAT

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған