Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталған «М» есімді азамат бостандыққа шықты.
Айта кетейік, ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-тармағымен үш жылға бас бостандығынан айрылған азамат тергеу мекемесінде шаруашылық қызметіне қалдырылған болатын.
Сотталған азамат үшін жасақ бастығы арнайы «Қақпа алында кездесу» әлеуметтік іс-шарасын өткізіп, бостандыққа бейімдеу жұмыстарын атқарды. Сонымен қатар, жазасын өтеуші азаматты анасы күтіп алып, жасақ бастығы әділет лейтенанты Р.Әлмаханға өз алғысын білдірді.