Туған жердің әрбір жаңалығына қуанып, өңірдің өсіп – өркендеуін көрудің өзі – бір бақыт
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының басшысы Сұлтан Раевтар Сыр елінің жарқын жаңалығының куәсі болды.
Сыр топырағында мың адамға арналған заманауи Өнер орталығының тұсауы кесілді. Кезекті рет «Сыр елі – жыр елі» екендігін дәлелдегендей болды.
Сыр халқы биылғы жылды «Руханият» жылы деп атаған болатын. Себебі, аймақтың басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың халықтың рухани дамуы жолында жасап жатқан еңбегі ұшан – теңіз.
Өткен жылы «Анаға тағзым», «Отбасы» орталықтары ашылса, «Шірік – Рабат Сақ жауынгері», «Сығанақ ханшайымының» алтындатқан мүсіндері облыстық Музей төрінен орын алды. Аталған орталықтарда болып, тарихи жәдігердің табысталуына куәгер болғанмын.
Туған жердің экономикасы ғана емес, мәдениеті де жылдам дамып келеді.
Ұлттық құндылықты дәріптей білген жерде, ұлттың болашағы бар.
Жерлестерімді ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының басшысы Сұлтан Раевтың тапсырған «Үздік мәдени өңір» номинациясымен шын жүректен құттықтаймын!
Халыққа қызмет ететін «Өнер» орталығында әлемнің үздік өнерпаздарының шығармашылық кештері өтеді деп сенемін. Және ғаламды таңғалдыратын таланттардың қанат қағатыны анық.