Мемлекет басшысы Қызылорда облысынан сапары барысында тауар өндіретін өнімдерге табан тіреп ғана қоймай, ұлттық құндылықтарымыз дәріптелетін орталықтарды да назардан тыс қалдырмады. Көпшіліктің игілігіне берілгеніне көп болмаса да, әлеуметтік маңызы басым нысанның ел ішінде пайдасы кеңірек сөз болуда.

Президентті күтіп алып, ғимараттың жұмысымен таныстырған орталық директоры қолөнер шеберлері жасаған бұйымдар көрмесін және «Қазақ елінің ұлы аналары» картинасын да көрсетті. Жүзі күлімсіреп, мұндағы жұмысқа риза болған Кемелұлы ұлтымыздың ұлы құндылықтарын дәріптеуді алға тартқан Сыр өңірінің бұл бастамасына да өзіндік оң бағасын берді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:

– Расында, бұл жұмыс өте маңызды. Жастарымыздың арасында ұлттық салт-дәстүрімізді, болмысымызды, тілімізді, ділімізді насихаттауымыз керек. Әйтпесе, дүниежүзінде болып жатқан теріс үрдістерді бәріміз көріп отырмыз. Ондай жағымсыз үрдістер елімізде де бар. Біз олармен күресіп, өзіміздің ұлттық көзқарасымызды дәріптеуіміз қажет.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған