Доппен ойнаған озар…

Қорқыт ата атындағы Қызылорда универ ситетінде ашық футбол алаңының ашылу салтанаты өтті. Жиында университеттің Басқарма төрағасы – Ректоры Бейбіткүл Кәрімова жаңа алаң стандартқа сай салынғанын, білім ордасында жастарға қашанда қолдау көрсетілетінін атап өтті.

– Білімді, мақсаты айқын, салауатты өмір салтын ұстанатын жастар – біздің жарқын болашағымыз. Олардың спортпен кәсіби түрде айналысып, республикалық, халықаралық жарыстарға қатысуы үшін қашанда қолдау көрсетеміз.

Сондай-ақ, университеттің материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстарын да жүйелі жүргізіп келеміз. Қазіргі уақытта университетте «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені, 7 спорт зал, 5 жазғы спорт алаңы, 1 спорт мұражайы бар.

Біз еліміздің абыройын асқақтатып жүрген спортшы жастарымызды мақтан тұтамыз. Биыл «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» кафедрасының құрылғанына 35 жыл толып отыр. Әлі де білім ордасы саңлақ спортшы, сайыпқыран шәкірттерді даярлайды деген сенімдеміз, – деді Бейбіткүл Сәрсемханқызы.

Қазіргі уақытта оқу орнында спорттың әр түрінен 13 спорттық секция жұмыс істейді. Университетте Әлем чемпионатының 9, Азия чемпионатының 23, Қазақстан чемпионатының 125 жеңімпазы мен жүлдегері бар.

Салтанатты жиында «Қайсар» футбол клубының директоры, ҚР құрметті спорт қайраткері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Садық Мұстафа спорттық инфорақұрылымның жақсаруы студенттердің кәсіби шеберлігінің артуына ықпал ететінін жеткізді.

– Футбол алаңының ашылуы денешынықтыру және спорт мамандығында білім алатын студенттер үшін үлкен сый болды. Оқу ғимаратының алдында орналасқан бұл алаңда алдағы жарыстарға дайындалатын боламыз, – деді студент Нұрзат Аманбай.

Шарада сала мамандары «Қорқыт Ата атындағы Алтын медалімен», «Үздік түлек» медалімен марапатталды.

Айта кету керек республикалық Студенттер лигасына университет студенттерінен құралған командалар спорттың 7 түрінен (баскетбол, волейбол, футзал, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, қазақша күрес, шахмат) қатысып, жүлделі орындар иеленіп жүр.

Ал, ҚР ХІІ жазғы Универсиадасында университет спортшылары, спорттың 16 түрінен 37 медаль иеленіп, республикада үздіктер қатарынан көрінді.

ҚОР ГРАНТЫ – БІЛІМГЕ ҚОЛДАУ

«Қазақстан халқына» қорының гранты негізінде 60-тан астам студент білім алуда. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Қазақстан халқына» ҚҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева білім алушылармен кездесті.

Жаңа оқу жылында «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры «Қазақстан халқына» білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасы аясында 818 білім беру грантын тағайындады. Бүгінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 60-тан астам 1-4 курс студенті «Қазақстан халқына» қорының гранты негізінде тегін білім алуда.

Жиында Ләззат Алтынбекқызы «Қазақстан халқына» қоры арқылы ауқымды жұмыстар атқарылғанын, сапалы білім алып, мықты маман атану әрбір студент үшін маңызды екеніне тоқталды. Сонымен қатар қордың еліміз бойынша алдағы уақытта жүзеге асыратын жаңа жобаларымен таныстырды.

Кездесуде университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Жандос Базартай қордың гранты халықтың әлеуметтік осал топта рынан шыққан талапкерлер үшін үлкен қолдау екенін атап өтті.

Студенттермен ата-аналар тегін білім алу мүмкіндігі үшін қор басшылығана алғысын білдірді.

Әлеуметтік жағдайыма байланысты «Қазақстан халқына» қорының білім грантына ие болдым. «Халықпен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, жас кезде білім алып, ғылымға ден қою қажет. Сондықтан тегін білім алуымызға қолдау көрсеткен қорға үлкен алғыс білдіреміз, – деді «құқықтану» мамандығының 1-курс студенті Айшабибі Тоқтарбаева.

ПРОФЕССОРДЫҢ ДӘРІСХАНАСЫ АШЫЛДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Қазақстанның құрметті спорт қайраткері, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Жақсыбек Егізбаев атындағы дәрісхана ашылды.

Салтанатты шарада Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Жандос Базартай ғалымның ғылым мен білім саласына қосқан еңбегіне тоқталды.

– Бүгін біз қоғам үшін игілігі мол, тағылымды шараның куәсі болудамыз. Оқу орны әрдайым білім мен ғылымның дамуына үлес қосқан ғалымдардың есімін ұлықтап, ұрпақ санасында жаңғыртуды дәстүрге айналдырған.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде ұзақ жылдар қызмет еткен ғалымдардың ұрпақтары, сонымен қатар өздері де білім саласының дамуына үлес қосуда. Олар дәрісхананың жаңғыртылуына, материалдық-техникалық базаның нығаюына атсалысуда. Кейінгі 4 жыл ішінде университетте 15-ші дәрісхананы демеушілер есебінен ашудамыз.

Ғалым 150-ден астам ғылыми мақаланың, 10-нан астам оқу-әдістемелік құралдың және өнеге-өсиетке толы танымдық кітаптардың авторы. Ол саналы ғұмырын білім мен ғылым саласын дамытуға, жас ұрпақтың кәсіби маман, тегеурінді тұлға болып қалыптасуына арнады, – деді Жандос Нұртайұлы.

Салтанатты шарада оқу орнының стратегиялық дамуына қосқан үлесі үшін профессордың қызы Балғын Егізбаева «Қорқыт Ата атындағы Алтын медальмен» марапатталды.

Жиынға зиялы қауым өкілдері, ғалымның туған-туыстары, профессор-оқытушылар мен білім алушылар қатысты. Сондай-ақ, «Қайсар» футбол клубының директоры, ҚР құрметті спорт қайраткері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Садық Мұстафа, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжінің директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Бахытхан Әбдікәрімов, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, шәкірті Жандос Есіркепов ғалымның еңбек жолы мен тұлғалық болмысы, өнегелі істері туралы сөз қозғады.

Жақсыбек Егізбайұлы 1970-1980 жылдары Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданындағы балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры қызметін атқарды.

1980-1990 жылдары Қызылорда облыстық білім бөлімінің мектеп инспекторы, А.С.Макаренко атындағы балалар үйінің директоры, облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының кабинет меңгерушісі, облыстық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі қызметтерін абыроймен атқарды.

1990 жылдан бастап Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі, жаратылыстану факультетінің тәрбие жұмыстары жөніндегі декан орынбасары болып еңбек етті.

1999-2003 жылдары екінші шақырылған Қызылорда қалалық мәслихат депутаты болып сайланды. Депутат ретінде де қаланың қоғамдық-әлеуметтік, саяси өміріне белсене араласып, дене тәрбиесі мен спортты насихаттап, қалалық, облыстық мәслихат сессиясының күн тәртібіне қойып, мәселе көтеріп, бұқаралық спорттың өркен жаюына қомақты үлес қосты. Әлі де сол бағытты ұстанып, қала мәдениеті мен келбетіне, тазалығына өз ұсыныстарын білдіріп келеді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің

медиа орталығы

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған