Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің аппарат басшысының бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Байқоңыр кешені бойынша департаментінің басшысы лауазымына Құдайбергенов Ринат Мәжитұлы тағайындалды. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен жиында аймақ басшысы Ринат Мәжитұлының экономика және қаржы саласындағы мол тәжірибесін атап өтіп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

– «Ринат Мәжитұлы – аймақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалымен етене таныс, мемлекеттік қызметте сатылап өскен, әлеуеті жоғары кадр. Көп жылдар бойы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басым бағыттары мен стратегиялық мақсаттарын айқындайтын экономика және қаржы басқармасында табанды еңбек етіп, басты индикаторларға және межелі міндеттерге қол жеткізді. Басқарма басшысының орынбасары ретінде Үкімет қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің кешенді жоспарында көрсетілген міндеттерді орындауға өз үлесін қосты. Ол жаңа қызметте «Байқоңыр» кешенінің аумағында орналасқан республикалық мүлікке, оған мемлекет құқықтарын, жекешелендіруді іске асыру саласына басшылық жасайды. Ринат Мәжитұлы, Байқоңыр аумағындағы әрбір мәселе Президенттің тікелей бақылауында. Сондықтан өзіңізге сеніп тапсырылған жұмысты абыроймен атқарады деп есептейміз», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған